16:27, 05 Маусым 2025 | GMT +5
Шерзат Полаттың өлімі: айыпталушыларға қандай жаза тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Айыпталушыларға келесідей сот үкімі шықты:
- Абзал Шынасыл 23 жыл
- Равиль Сакиев 20 жыл
- Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылады.
- Сонымен қатар Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды.
- Ал, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға, Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) 1 жыл 6 айға сотталды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға 7-23 жыл арасында жаза сұрағанын жазғанбыз.
Шерзат сотындағы жарыссөзде айыпталушылар не айтты?
Айта кетсек, сотталушылардың бірі Шерзаттың әкесін оның өліміне күдікті деп тануды сұрады.