Шерзат ісі: Сотталғандардың туысы жауапкершілікке тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM –  Үкім жарияланғаннан кейін сотталғандардың туыстары сот үкіміне наразылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзуға әрекеттенді.

Дело Шерзата: подсудимый Дидар Калиахмет предложил пройти детектор лжи
Фото: видеодан алынған скрин

Оқиға сот залы мен оның маңында тіркелді. Жетісу облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, құқық бұзушылықтың жолы дер кезінде кесілді. Балағат сөздер айтып, агрессия танытқан әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомствоның мәліметінше, сот процесі өткен аумақта қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген.

- Құқық үстемдігіне қандай да бір қысым көрсетуге жол берілмейді. Сот актілерінің орындалуына кедергі келтіру, сотқа құрметсіздік таныту немесе жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер заң талаптарына сәйкес қатаң түрде тоқтатылады, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Шерзат ісі бойынша айыпталушыларға қандай жаза тағайындалғаны жайлы жазғанбыз.

Сонымен қатар сотталушылар өтемақы төлеуге міндеттелгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар