Шерзат соты: 4 қазан күні болған жанжал бейнежазбасы жарияланды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

Шерзат соты басталды: бүгін айыпталушылар жауап береді
Фото: Видеодан алынған скрин

Бүгін сот барысында Қамажай дүкенінің ішкі бейнекамерлары түсірген бейнероликтер көрсетілді. Одан кейін Талғар тұрғынының өз үйінен түсірген жанжалдың бейнежазбасы жарияланды. Онда сотталушылардың жәбірленушілерге соққы жасап жатқаны анық көрінеді.

Бейнежазба көпшілікке көрсетілгеннен кейін адвокат айыпталушы Дархан Әскентайдан осы жазбадағы өз әрекетін түсіндіруді сұрады.

- Нұрбол (сотталушы) Нұрқанат Ғайыпбаевқа бара жатқан кезде мен артынан бардым. Әрі қарай «қой» деп Нұрболды алдым да, балаларды ажыраттым. Осы уақытта Абзал Шынасыл (сотталушы) мен екі рет ұрып жібереді. Сол жақ маңдайымнан ұрды, - деді Дархан Әскетай.

Судьяның «сені не үшін ұрды» деген сұрағына айыпталушы «шатастырып алған шығар, ол балаларды сол күні ғана көрдім» деп жауап берді.

Еске салайық, судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады.

Өткен сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентайдан жауап алынды

Сот барысында сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді. Бірақ судья прокурорды ауыстырудан бас тартты.

Сонымен қатар сотта дүкен камерасына түскен оқиғаның толық бейнежазбасы көрсетілді.

Алғашқы сот отырысында прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады. 

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат ағасының денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар