Шерзод Хаширбаев: алдағы додаларға мықты болып ораламыз

ЛИВИНЬО.KAZINFORM — Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-акробатика спортынан жекелей сындар өз мәресіне жетті.

Шерзод Хаширбаев
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан құрамасының спортшысы Шерзод Хаширбаев бәсекеден кейін Kazinform тілшісіне шағын сұхбат беріп, жарыс нәтижесі туралы пікірін білдірді.

— Барлығымыз қолымыздан келгенін жасадық. Жоспардағы элементтерді өз деңгейінде жақсы орындауға тырыстық. Бұл — Оимпиада ойыны. Осында әлемнің ең мықты 25 спортшысы келіп отыр. Сол себепті, бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды, — деді Шерзод.

Спортшы алдағы жоспарлары туралы ойымен бөлісті.

— Бүгінгі күн өтті, енді алдағы ұлкен додаларға дайындаламыз. Мықты болып оралып, елімізді жаңа нәтижелерімізбен қуантамыз деп үміттенемін, — дейді ол.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алда аралас командалық жарыста өнер көрсетеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, фристайл-акробатикадан ерлер арасында іріктеу жарысында Роман Иванов 13-орынмен финалға бір табан жетпей қалды. Шерзод Хаширбаев 16-орыннан көрінсе, Асан Асылхан және Дінмұхаммед Райымқұлов ТОП20 қатарына кірді.

Сондай-ақ, осыған дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған спортшылар туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум