Шерзод Хашырбаев фристайл-акробатикадан Еуропа кубогінде алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Шерзод Хашырбаев фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өткен Еуропа кубогінің кезеңінде чемпион атанды.

Әлем кубогі
Фото: Olympic.kz

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 20 жастағы Ш.Хашырбаев 96.93 ұпаймен алдына жан салмады.

Украиналық Максим Кузнецов (94.82 ұпай) екінші, швейцариялық Пирмин Вернер (93.99) үшінші орынға ие болды. 

Шерзод Хашырбаев жарыс барысында екі дүркін әлем чемпионы Ное Розды (Швейцария) қапы қалдырды.

Бұл – Шерзодтың ересектер арасындағы екінші үлкен табысы. Бұған дейін ол 2021 жылы АҚШ-та өткен Солтүстік Америка кубогінде үздік шыққан еді.

Айта кетейік, Шерзод Хашырбаев Бейжің олимпиадасында бақ сынаған болатын.

Соңғы жаңалықтар