Шешімдердің пәтуалық жолмен қабылдануы Қазақстанның БЭК-тегі ұлттық мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді - Ө.Шөкеев

МӘСКЕУ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Құрылып жатқан Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында пәтуалық жолмен шешім қабылдау үрдісін енгізу ұйымға мүше елдердің ұлттық мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді.
None
None

Бұл туралы экономикалық ынтымақтастық базасында ықпалдастық үрдістерін кеңейтуге арналған Мәскеудегі Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары кездесуінің аясында ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«БЭК атқарушы органдарындағы шешім тұтастай жаңа негізде қабылданатын болады. Егер Кеден одағы аясында шешімдер 57 пайыз үлес Ресей тарапына, ал 21,5 пайыздан дауыс үлесі Қазақстан мен Беларусь тарапына берілуі арқылы қабылданса, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық шешімдер пәтуалық жолмен қабылданады», - деді Ө.Шөкеев.

«Комиссия екі деңгейден, атап айқанда комиссия алқасы мен комиссия кеңесінен құралатын болады. Әрине, шешімдер тұрақты қабылданып отыруы үшін алқа аясында шешімдердің үштен екісін қабылдау қаралған. Алайда вице-премьер деңгейіндегі кеңес мүшелері ұлттық мүддеге сай емес кез келген шешімді доғарып, шешім пәтуалық жолмен қабылданатын үкімет басшылары және мемлекет басшылары деңгейіне шығарылады», - деп түсіндірді бірінші вице-премьер.

«Бұл құрылым барлық мемлекеттердің мүддесінің толық сақталуын қамтамасыз етеді», - деп түйіндеді Ө.Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар