Шет елдегі қаражаттарын декларацияламағандарға әкімшілік жаза қатаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шет елдегі банктердегі қаражаттарын декларацияламағандарға әкімшілік жаза қатаңдатылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыруды жеңілдету тақырыбындағы брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, жаңа заң жобасы арқылы жария етілетін субъектілерге бірқатар кепілдендіру және ынталандыру нормалары қамтылады. «Атап айтқанда, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан болуы мүмкін заңсыз әрекеттерден қосымша қорғау бөлігінде қылмыстық заңнаманың нормалары нақтыланып, қатаңдатылады. Жария ету барысында алынған ақпаратты қылмыстық іс бойынша дәлел ретінде пайдалануға да тыйым салынады. Сонымен қатар, бірнеше ынталандыру шаралары да көзделген. Мәселен, шет елдегі банктік шоттарын декларацияламағандар үшін әкімшілік жаза қатаңдатылады. Екіншіден, шетелдегі мүлікті міндетті түрде декларациялау туралы қосымша талап енгізіледі», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, рақымшылық туралы заң қолданысқа енгізілген күн бойынша сот үкімдерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі қаулыларына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған азаматтарға мүліктерін жария ету мүмкіндігі берілмек.

Соңғы жаңалықтар