11:34, 20 Қараша 2022 | GMT +5
Шет мемлекеттерде тағы бірнеше сайлау учаскесі жұмысын бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан ашылған дауыс беру учаскелері бірінен соң бірі жұмыстарын бастап жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі уақыт айырмашылығына байланысты сайлаушыларды қабылдай бастаған учаскелер туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәселен, астана уақытымен 9-дан аса Ереван, Баку, Астрахан, Тбилисидегі; сағат 10.00-ден кейін Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан қалаларындағы учаскелер; 11.00-ге қарай Тегеран, Эр-Рияд, Джидда, Амман және Дохадағы сайлау учаскелері ашылды. Ал 11.00-ден аса Түркияның Анкара, Ыстанбұл және Анталия қалаларында Қазақстан азаматтары дауыс бере бастады.
Бұдан бөлек, Вильнюс, Тель-Авив, Афины, София, Бухарест, Таллин, Хельсинки, Рига қалаларында да сайлаушылар дауыс беру учаскелеріне келе бастады.
Таңғы сағат 04.00-де Токио мен Сеулде дауыс беру басталды. Кейін Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батырда, сондай-ақ Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскатта сайлау пунктері жұмыс істей бастады.