Шетел азаматтарының заңсыз миграциясын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

"ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Көші-қон қызметі комитетінің қызметкерлері Алматы қалалық полиция департаментінің көмегімен Қытай мен Өзбекстан азаматтарының заңсыз миграциясын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. 31 қаңтар күні Шымкент қаласында арнайы операция жүргізу барысында жауапкершілік шектеулі серіктестердің бірінің аумағынан 73 ҚХР және 137 Өзбекстан азаматы ұсталды. ҚХР азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына транзиттік әуе рейстерімен келіп, одан кейін заңнаманы бұза отырып, ел аумағында заңсыз қалғаны анықталды", - деді ол.
Департамент басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған шетелдік азаматтарды ел аумағынан шығару мәселесі шешіліп жатыр.
"Миграцияның заңсыз арнасын аталған ЖШС-нің басшысы болып табылатын ҚХР-дің екі азаматы мен Қазақстанның бір азаматшасы ұйымдастырған. Олар ұсталды. ҚР ҚК 394 бабы 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алмас Садубаев.
Сонымен қатар ол Алматы қаласында Қазақстан аумағына заңсыз келген Қытайдың 9 азаматымен оларды алып жүрген Қазақстан азаматының ұсталғандығын жеткізді.
"Шетелдіктер сот шешімімен ел аумағынан шығарылып, қайта келуге шектеу қойылды", - деді ол.