Шетел азаматы Қазақстанға мініп келген шетелдік көлікті сатып алуға бола ма

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әкімшілік полиция комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Әлібек Кеңіспаев шетел азаматы Қазақстанға мініп кірген шетелдік көлікті сатып алу тәртібін түсіндіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Сіз айтып отырған Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдердің бәрі – ред) шетел азаматы Қазақстанға шетелдік көлікті мініп кірсе, Кедендік кодекс аясында декларант ретінде иелік ете алады. Олар бұл көлікті Қазақстан аумағында бір жыл бойы міне алады», - деді ол.

Оның айтуынша, интернеттегі хабарламада Қазақстан азаматтарды мұндай көлікті бір жыл бойы транзиттік нөмірмен міне алатыны айтылған ақпарат негізсіз.

«Мұндай құқық тек шетелдік азаматқа, декларантқа беріледі. Бұл көліктер Қазақстан аумағында Қазақстан азаматтарының басқаруына беріле алмайды. Сондықтан ондай көлікті Қазақстан азаматы сатып алған жағдайда толыққанды міну үшін кедендік тазартудан толыққанды өткізуі керек. Бастапқы есепке қойып, бастапқы тіркеу алымын және утильалым төлейді. Осыдан кейін Қазақстан аумағында қазақстандық нөмірмен, тиісті тіркеу құжаттарымен міне алады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар