Шетелде Қазақстан студенттерінің 70-ке жуық ұйымы жұмыс істейді

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінде шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер сан алуан ұйымдар құрып жатыр.
None
None

Олардың саны 70-ке таяп қалды. Бұл туралы бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының II слеті кезінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек мәлім етті.

Оның айтуынша, шетелде қазақстандық студенттердің бірлестігін құру бастамасын осыдан екі жыл бұрын бірінші болып АҚШ-та оқып жүрген жерлестеріміз көтерді. Содан бері 16 мемлекетте 90-нан астам ұйым құрылды. Ал соңғы уақытта олардың барлығы өзара шоғырланып, 70-ке жуық ұйымның аясында топтасты. «Соның арқасында қазақстандық студенттер бір-бірін тауып, етене араласа бастады. Мәселен, Қытайда қазір біздің 7 мыңнан астам студентіміз оқып жатыр. Олар үлкен бір қауымдастықты құрды. Алайда Қытайдың да саясаты ықпал еткен болар, оған «бүкілқытайлық жастар ұйымы» деген сияқты айдар тағылды. АҚШ-та Қазақстан студенттері ұйымдарының альянсы құрылды. Ол да сол елдің саясатына сай келеді. Мәскеуде «Атамекен» бар. Ұлыбританияда өкінішке қарай, ол жақта оқып жүрген қазақстандық студенттердің басы жиналмай жатыр. Дегенмен, бір қауымдастық бар», - дейді С.Нұрбек.

Соңғы жаңалықтар