Шетелде жүрген қазақстандықтардың санағын кім жүргізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Ұлттық санаққа дайындық барысын баяндаған Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов шетелдегі отанласрымыз да санақтан тыс қалмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрақты тұрғындар, еліміздің азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар санақтан өтеді. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты шетелге жүрген біздің азаматтар, «Болашақ» бағдарламасы және студент алмасу бағдарламалары бойынша оқитын студенттер, шетелге демалысқа, емделуге немесе қонаққа кеткен туристер де санақтан өтеді. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген немесе пана іздеген қоныс аударушылар, сондай-ақ 12 айдан аз, уақытша елде жүрген шетелдіктер де санаққа алынады», - деді ол.

Оның айтуына қарағанда, Ұлттық статистика бюросы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті әкімдіктермен халық санағын өткізу кезінде бірлесіп әрекет ету бойынша бірлескен бұйрықтар қабылдаған. Дәл осындай бірлескен бұйрық Сыртқы істер министрлігін де бекітіліпті.

«Бюро шетелдегі азаматтарымыздың санағын өткізуді ұйымдастыру мақсатында ҚР СІМ-мен өзара іс-қимыл тәртібі туралы бірлескен бұйрықтарды бекітті», - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Еске салсақ, бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ұлттық санаққа сылбыр дайындалып жатқан өңірлерді атады.

«Жалпы санақ өткізілетін уақытта 32 мың адам жұмысқа алынады. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жұмысты дұрыс жолға қойған. Ал Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің жұмыс қарқыны жеткіліксіз. Өңірлердің әкімдері халық санағына дайындық барысын жеке бақылауға алсын», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар