Шетелдегі Қазақстан елшіліктерінде ашық есік күндері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдегі Қазақстан елшіліктерінде ашық есік күндері өтеді.
None
None

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының директоры Айгүл Сәдуақасова мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұл шаралар Қазақстан Халқы ассамблеясының жылы және ҚР Конститциясының 20 жылдығына орай өткізіледі. Ашық есік күндері кезінде шетел қонақтарына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың этникааралық және келісім моделі таныстырылатын болады.

Брифинг барысында Айгүл Сәдуақасова 7-9 қаңтарда Швецияның Уппсала қаласында өткен этникаралық әріптестік тақырыбына арналған халықаралық конференция жайында да айтып берді. Шараны Уппсала Университеті, Еуропаның ұлттық азшылықтар мәселелері орталығы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.

«Конференцияның тақырыбы ерекше болды, бұл - трансэтникалық қауымдастықтарды ұйымдастыру мәселесіне арналды. Мемлекет және азаматтық қоғам, этностық топтар, ұлттық азшылықтар - осылардың арасында қарым-қатынас мемлекеттік деңгейде қалай орнатылады деген сауалдар қарастырылды. Біздің ассамблея дәл осы сұрақтың ортасында тұр, өйткені ол мемлекет пен этнос арасында, азаматтық қоғам арасында үнқатысу мәселесін шешетін ашық алаң деп айтамыз», - дейді ол.

Конференцияға Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Бельгия, Ресей, Австрия және өзге елдерден 15-тен астам ірі университеттердің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар