Шетелдегі Қазақстан студенттері «ҚазАльянсқа» бірігуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы аясында Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарын біріктіру мақсатында құрылған «ҚазАльянс» ұйымы жаңа мүшелермен толықты. Бұл туралы жаплыұлттық қозғалыстың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бүгін «Әлем жастары» (Alemzhastary.kz) Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарының төрағалар кеңесінің ортақ құрылтайшылары Арман Барменбаев және Руслан Жексебайұлы «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандық студенттердің бірыңғай бірлестігіне шоғырландыру туралы Декларацияға қол қойды.

- «Әлем жастары» үлкен студенттік «отбасының» бір мүшесіне айналып, біздің қызметтің дамуына жаңа серпін береді. Оқитын орнынан және елінен тәуелсіз студенттердің мүдделерін қорғайтын «ҚазАльянс» бірлестігі осы шарамен шетелдегі қазақстандық студенттерді шоғырландыру және біріктіру бойынша өзінің миссиясын жалғастыруда», - деп атап өтті «ҚазАльянс» бірлестігінің президенті Рашид Аюпов.

2015 жылдың 26 наурызында Лондонда шетелдегі қазақстандық студенттер «ҚазАльянс» бірлестігінің Жалпы Кеңесінің бірінші отырысын өткізді, онда осы декларация және жаңа ұйымның Жарғысы қабылданған болатын. «Әлем жастары» ұйымының «Қазальянсқа» қосылуы шетелдегі қазақстандық студенттік ұйымдарды біріктіру үрдісіндегі кезекті қисынды қадам болды.

Соңғы жаңалықтар