Шетелдегі кейбір сайлау учаскелерінде бюллетеньдер жетіспеді – Айбек Смадияров
«Шетелдегі сайлау учаскелерінде байқаушылар болды. Елшіліктер жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі барлық ережелерге сай өтті. Сайлау учаскелеріне бақылаушылармен қатар, жергілікті БАҚ өкілдері де келді. Бұл жолы дауыс беруге ниеттілер көп болды. Әсіресе, жастар белсенділік танытты. Тіпті кейбір жерлерде бюллетеньдер жетіспеді. Сонымен бірге, бірнеше сайлау учаскесінде 100 пайыз келу көрсеткіші тіркелді», - деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, шетелге шығатын көптеген қазақстандықтар алдын ала консулдыққа дауыс беретінін хабарламаған. Ал шет мемлекеттердегі сайлау учаскелері бюллетеньдерге дауыс беру ниетін білдіргендердің нақты санына байланысты тапсырыс береді.
«Көптеген қазақстандықтар шетелге шығатыны туралы хабарламайды. Олар сайлау өтетінін біледі. Азаматтар шетелге шығатынын алдын ала жоспарлайды, билеттер алады, виза рәсімдейді. Алайда, олар бізге шетелде дауыс беретінін хабарламайды. Шетелдегі Қазақстан азаматтары мен туристері сайлау учаскелеріне келіп, дауыс бергісі келетіндерін мәлімдеді. Ал олар үшін бюллетеньдер қарастырылмаған. Мысалы, Анталияда біздің азаматтарымыз көп. Алайда, консулдықтың есебінде тек 22 адам тұр», - деп тоқталды ол.
Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, Президент сайауында Ресей, Түркия және Өзбекстан елдеріндегі қазақстандықтар белсенділік танытқан.