Шетелден ғарыш суреттерін сатып алғаннан гөрі, өзіміздің жерсеріктердің болғаны әлдеқайда тиімді - Аэроғарыш комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік компаниялардан ғарыш суреттерін сатып алғаннан гөрі, өзіміздің жерсеріктердің болғаны әлдеқайда тиімді. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлім етті.
None
None

«Әрине шетелдік аппараттардың жер бетін түсірген суреттерін сатып алып, қашықтықтан зондтау мәселелерін шешуге болады. Бірақ мұнда бірқатар жағымсыз факторлар бар. Сіздер ол суреттерді ешқашан да жедел сұрата алмайсыздар. Өз тапсырысыңызды кем дегенде бір айдан соң қолыңызға тигізесіздер. Екіншіден, ол суреттерді сіздер үш есе қымбат сатып алуға мәжбүр боласыздар және қыруар ақша шығын болады. Үшіншіден, суреттерді кез келген аймақтардан ала алмайсыздар, себебі шектеулер бар», - деп атап өтті ол «Қазақстанның ғарыш күндері-2015» халықаралық семинары барысында болған баспасөз мәслихатында.

Оның үстіне, оның айтуына қарағанда, өзгенің жерсеріктері арқылы қорғаныс мәселелерін шешу мүмкін емес.

«Ғарыштан түсірілген суреттерді сатып ала отырып, сіздер өзге елдің ғарыш саласының «жемсауын» толтырасыздар. Қазақстан жоғары ғылыми әлеуетке ие кезде, «Байқоңыр» айлағы тұрған кезде, осыларды пайдалануға үлкен мүмкіндіктерге ие. Неге өзіміздің ғарыш саламызға инвестиция жасамасқа», - деп түйді сөзін М.Молдабеков.

Соңғы жаңалықтар