Шетелден ұшып келген 557 азаматтың ПТР анықтамасы жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина және Ресей Федерациясынан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 328 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз 557 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 444 жолаушы, анықтамамен - 1 145, анықтамасыз - 299;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 884 жолаушы, анықтамамен - 626; анықтамасыз - 258.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тест әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтуде.

Анықтамасыз келген барлық 342 азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар