Шетелдерде Қазақстанның сауда өкілдері болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдардың басшыларын ауыстыру мен дипломатиялық қызметте кадр саясатының қағидаттары туралы айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Президент сөз сөйлеген видеоны Facebook-тағы парақшада Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

«Жалпы, елшілікте кадр мәселесіне жақсылап қарауымыз керек. Ресей, Қытай, Еуропаның Германия, Франция сияқты кейбір елдерінде, Америка Құрама Штаттарында біздің сауда-саттықпен шұғылданатын уәкілдеріміз болуы керек. Барлық елдер солай жасайды. Экспортқа шығатын тауарларды, бері қарай инвестиция тарту; мен барып келісіп кеткен жерлерде солардың артынан жүріп, шақырып алып келіп, қай жерде кіммен сөйлесу керектігін көрсететін елшілер болады. Тек қана сыртқы саясатпен отырамыз деген болмайды. Біз Ресей, АҚШ сияқты сыртқы саясатымыз дүниенің барлығына ықпалын тигізіп отырған үлкен ел емеспіз. Біз өз жағдайымызды ойлауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы. 

Соңғы жаңалықтар