Шетелдік БАҚ-тағы Қазақстан: Орталық Азиядағы қауіпсіздік форумы, Өзбекстанмен шекара келісімі, Жаһандық бейбітшілік индексі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада шетелдік БАҚ-та Жаһандық бейбітшілік индексіндегі Қазақстанның орны, Өзбекстанмен шекара туралы келісімнің ратификациялануы, Пәкістанмен және Сауд Арабиясымен әуе қатынасы, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы, Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы мен Қазақстандағы әліпби реформасы туралы мақалалар легі жарияланды. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының шолу мақаласында.

Өзбекстан Қазақстанмен шекара туралы келісімді ратификациялады - Anadolu Ajansı

Фото: Anadolu agency
3 шілде күні түріктің Anadolu Ajansı басылымында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев дүйсенбі күні көрші Қазақстанмен өткен жылдың соңында қол қойылған шекара белгілеу туралы келісімді ратификациялау заңына қол қойғаны жайлы мақала жарияланды.

«Өзбек басшысы Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзбек-қазақ мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімді ратификациялады»,- деп жазады басылым Өзбекстан Әділет министрлігінің Telegram-ына сілтеме жасап.

Еске салайық, 2022 жылы 22 желтоқсанда Мирзиеев пен Тоқаев Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен келіссөзден кейін екі ел арасындағы шекараны демаркациялау туралы келісімге қол қойған еді.

Қазақстан биылғы Жаһандық бейбітшілік индексінде 21 позицияға көтеріліп, 76-орында тұр - Eureporter

Фото: eureporter.co

6 шілде күні Eureporter-де жарияланған мақалада Экономика және бейбітшілік институтының (IEP) 2023 жылғы маусымдағы есебіне сәйкес, Қазақстан Жаһандық бейбітшілік индексінде

«Еуразия аймағындағы елдер арасында үшінші орын алған Қазақстан бейбітшілік рейтингінде 4,2%-ға жоғарылап, жақсы нәтиже көрсетті», - делінген материалда.

Пәкістан бизнесмендері Қазақстанмен тікелей әуе қатынасын қолдайды - DAWN

9 шілдеде пәкістандық DAWN сайты Пәкістан сауда-өнеркәсіп палаталарының федерациясы (FPCCI) және басқа да іскер топтар сенбі күні Пәкістан мен Қазақстан арасындағы тікелей әуе қатынасын мақұлдағаны жайлы мақала жариялады.


Басылым пікірінше, бұл екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

«Бұл Қазақстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен өзара іскерлік және экономикалық интеграцияны дамыту үшін пайдалы болмақ»,-делінген материалда.

Эксклюзив: Қытай мен Қазақстан жаңа шекаралық теміржол желісінің құрылысын аяқтайды - Global Times

9 шілде күні Global Times басылымы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевпен сұхбатын жариялады.

Онда Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жайлы сөз болады.

Министр бағдарлама аясындағы Қазақстанның интеграциялық ынтымақтастығының негізгі бағыты көлік және транзиттік инфрақұрылымды дамыту екенін атап өткен.

Фото: Қазақстанның Қытайдағы елшілігі

«Екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету және инвестиция тарту мақсатымен жақында Қытайда іссапарда болған Қарабаев екі ел арасындағы «Бір белдеу, бір жол» бірлескен бағдарламасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады, ал көлік секторы оның маңызды бөлігі екенін, аяқталған жобалар оң нәтиже беретінін тілге тиек етті»,-делінген басылымда.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы Азиядағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған - Modern Diplomacy

5 шілде күні Modern Diplomacy басылымында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың 13-14 шілдеде Астанада өтетін Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі бірінші Орталық Азия форумы жайлы мақаласы жарық көрді.

Оның сөзінше, форум жаһандық және аймақтық саясат, экономика, адами капитал, климаттың өзгеруі, цифрлық трансформация секілді мәселелерді қарастырады.

Оған жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылар, сондай-ақ 30-ға жуық елдің үкімет және бизнес өкілдері қатысады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өткізетін форум қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелерін талқылау үшін сарапшылар мен саясаткерлер арасындағы диалог пен өзара іс-қимылдың жетекші алаңына айналмақ.

«Азия аймағы қарқынды түрде саяси және геоэкономикалық орталыққа айналуда. Көптеген сарапшы «ХХІ ғасыр - Азия ғасыры» болады деп болжайды. Мұның себебін түсіну оңай. Әлем халқының жартысынан астамы Азияда тұрады және әлемдегі ең ірі 30 қаланың 21-і осы аймақта орналасқан. 2040 жылға қарай Азия жаһандық ЖІӨ-нің 50 пайызын және жаһандық тұтынудың 40 пайызын құрайтын болады»,-деп жазады Василенко мақаласында.

Air Astana Джиддаға жаңа рейстерге билет сата бастады - Arabnews

4 шілдеде Arabnews басылымы қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Джиддаға жаңа тікелей рейске билет сатуды бастағаны туралы жазады.

«Сауд Арабиясының портты қаласы мен Қазақстанның ең ірі мегаполисі арасындағы тікелей рейстер 1 қазанда басталады, алғашқы рейстер сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады»,-деп жазады Arabnews әуе компаниясының баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан теннисінің арқасында әлемге танылған Елена Рыбакинаның жетістігі - The Guardian

3 шілде күні ағылшынның The Guardian басылымы Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакинаның Ресейден Қазақстанға ауысуы, оның кезінде Ресейден ешқандай қаржылай көмек ала алмағаны, кейін Қазақстан теннис федерациясына қалай тап болғаны жөнінде жазады.

Фото: Қазақстанның Қытайдағы елшілігі

«Осыдан бес жыл бұрын Елена Рыбакина мектепті бітіріп, таңдау алдында тұрды. Жасөспірімдер арасындағы теннистен әлем бойынша 3-орында тұрған Рыбакина үлкен тенниске бару не АҚШ университеттері ұсынған стипендиялық бағдарламалардың бірін қабылдау туралы шешім шығаруы керек еді. Оған Ресей ешқандай қаржылай көмек көрсеткен жоқ, ал кәсіби тенниске баруға ата-анасының қаржысы болған жоқ»,-деп жазады басылым.

Рыбакинаның өзі былай дейді: «Менің ата-анам, әрине, барлық ата-ана сияқты мені қатты уайымдады. Өйткені қай кезде жарақат алып қалатының белгісіз. Олар менің жақсы мектепте оқығанымды қалады».

«Осындай екі ойда жүрген Рыбакинаға қазақстандық теннис федерациясынан ұсыныс түскен, сөйтіп Рыбакина Қазақстанда жаттығатын болып, федерациямен келісімге келді. Бұл келісім оның Уимблдон чемпионы атағына жету жолындағы шешуші сәт болды»,-деп жазады басылым.


Соңғы жаңалықтар
telegram