Шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан Үкіметімен әріптестік маңызды - М.Брэддок

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстанда ойдағыдай жұмыс жасау үшін ел Үкіметімен әріптестік өте маңызды, деді IV қазақстандық инвестициялық саммитте "ДжейТиАй" компаниясының ТМД елдеріндегі аймақтық президенті және "ДжейТиАй" атқару комитетінің ресми мүшесі Мартин Брэддок.
None
None

Ол компания Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс жасап жатқанын атап өтті. «Біздің бизнес үшін пайдалы екенін елге келген сәттен бастап түсіндік. ҚР нарығы біздің компанияның стратегиялық басымдығы болып табылады, сондай-ақ ол экспорт есебінен игеруге да ыңғайлы. Біз Қазақстанды экспорттық база және аймақтық экспорттық торап ретінде қарастырамыз», - деді М.Брэддок.

Дағдарыс кезінде компания бірде-бір қызметкерін қысқартқан жоқ. «Біз өзіміздің сауда маркамызды, өндірістік кәсіпорындарымызды инвестиялауды жалғастыра бердік, сондай-ақ қосымша құны жоғары өнім шығарудамыз. Біз сондай-ақ оқыту бюджетін, әлеуметтік бағдарламаларды ұлғайттық», - деп атап өтті "ДжейТиАй" аймақтық президенті.

Болашақта инвестор Қазақстан нарығындағы көшбасшылық орында болуға ұмтылуда. Компанияның өршіл талаптарын оның жұмысының нәтижелері қуаттайды. Қазір Алматыдағы және Шымкенттегі кәсіпорындардан экспорттық өнімдер, көрші елдерге, атап айтқанда, Қырғызстан мен Моңғолияға шығарылуда. Сондай-ақ тұтынушылар ауқымын кеңейту жоспарлары бар.

Соңғы жаңалықтар