Шетелдік компания өкілдері қазақстандық жұмысшыларды кемсітіп отыр ? Бас прокуратура

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шетелдік компаниялар азаматтарды алалап, конституциялық ұстанымдарды аяқасты етіп отыр. Бұл мәселе жөнінде бүгін апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, «КСП-Стелл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Павлордар облыстық филиалы компанияға Ресейден әкелінген 16 жұмысшыға айлық жалақыларының 70 пайызы көлемінде әр айда үстемақы беріп келген. Ал қазақстандық жұмысшыларға мұндай артықшылықтар жасалмаған. Сондай-ақ ресейліктер жұмыстан босаған жағдайда оларға 90-нан 120 мың теңгеге дейін қосымша қаржы төленсе, қазақстандық қызметкерлерге бұл мүлдем бейтаныс жағдай болып шықты. «Ал «Азиялақ газ жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазақстандық жұмысшылардың еңбек демалыстары 30 күн болса, қытайлықтардың демалыстары тұп-тура үш айға созылады. Онысымен қоймай компания өкілдері демалысқа кеткен қытайлықтардың жолкіресін де мойындарына алып отырған», - деді ресми өкіл. Осы тектес әрекеттер Қарағандыдағы «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамында да орын алған. Онда кәсіпорын өкілдері жұмысқа тек 45 жасқа толмаған ер адамдарды және 40 жасқа толмаған әйел адамдарды ғана аламыз деген талаптар қойған. «Прокурорлардың наразылығы бойынша мұндай талаптар қазір алынып тасталды», - С.Нұрпейісов.
Соңғы жаңалықтар