Шетелдік компаниямен тікелей келісімшартқа отырсақ, бұл екі жаққа да тиімді ? кәсіпорын басшысының пікірі

ОРАЛ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Шетелдік компаниямен тікелей келісімшартқа отырсақ, бұл екі жаққа да тиімді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орал қаласындағы «Диана плюс» ЖШС бас директоры Әсет Сармасаевтың айтуынша, кәсіпорын «Теңізшевройл» компаниясына алты жылдан бері киім тігіп келеді. Алайда бәрі де делдал мекемелер арқылы жүзеге асуда. Наурыздың 5-інде Атырауда өткен үкіметтік деңгейдегі жиын кезінде компанияның бас директоры Тодд Леви батысқазақстандық өндіріс орындары басшыларымен кездескен болатын. Сол кезде ол «Диана плюспен» тікелей келісімшартқа отыруға дайын екендігін мәлімдеді. «Біз қазір ТШО-ға жылына 3-4 мың жиынтық арнайы киім тігіп жүрміз. Ал компанияның сұранысы бұдан үш есе көп. Көп кешікпей компаниядан алатын тапсырысымыздың артатынына сенімім мол. Сонда Елбасымыз алға қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруға біз де көбірек үлес қоса алар едік», деді Ә.Сармасаев.
Соңғы жаңалықтар