Шетелдік қонақтар Қазақстан Ұлттық мұрағаты қорымен таныспақ

ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық мұрағатына ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай Польша Республикасының Мемлекеттік мұрағаты бас директорының орынбасары Андре Бернат,
None
None

Эстония Республикасы Ұлттық мұрағатының кеңесші-жетекшісі Койт Сааревет, Ресей Федерациясының «Гильдия управляющих документацеий» қоры директорының орынбасары Сергей Афанасьев келеді.

Аталған делегацияның мақсаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Абсеметовпен кездесіп, мұрағат қорында сақталған құнды құжаттармен, тарихи жәдігерлермен танысып, тығыз байланыс орнату.

Сонымен қатар шетелдік қонақтар еліміз Тәуелсіздік алған 20 жылдан бері Президентіміз Н.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген табыстар, Тәуелсіздік жариялаған алғашқы жылдары елімізде қабылданған аса маңызды заңдар мен құжаттар тізбесімен таныспақ.

Соңғы жаңалықтар