Шетелдік мемлекеттер басшылары - Елбасы туралы

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басының қасиеттеріне шетелдік мемлекеттердің басшылары, жер шарының барлық түпкіріндегі жоғарғы мемлекет қайраткерлері әрқашан да зор ықылас қойып жүр. ҚазАқпарат оқырмандар назарына шетелдік мемлекет басшыларының Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы әр кезеңде айтқан пікірлерін ұсынады.
None
None

РФ Премьер-Министрі Владимир Путин

Бүгінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуда, мемлекеттіліктің құқықтық және демократиялық негіздерін дәйекті нығайтуда елеулі табыстарға жетіп келеді, халықаралық аренада елдің беделі көтеріліп отыр. Көп жағдайда осы жетістіктер - Сіздің шынайы ұлттық көшбасшы ретіндегі беделіңіздің,  Мемлекет басшысы қызметіндегі көп жылғы жемісті еңбегіңіздің нәтижесі.   

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао

Сіздің басшылығыңыздың арқасында 16 жыл бойы Сіздің елде саяси тұрақты ахуал сақталып отыр, экономика зор қарқынмен дамыды, халықтың әл-ауқаты барған сайын жақсара түсуде, сыртқы байланыстар белсенді кеңейіп келеді. Қытай тарапы бұған шын мәнінде қуанады және Қазақстан халқына мемлекетті құрып, дамыту ісінде зор табыстарға жетуіне тілектестігін білдіреді.  

Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүл

Түркияда қазақстандық экономикалық реформаларға жіті назар аударып отыр. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстан Орталық Азиядағы жарқын жұлдызға - беделді, сенімді де қуатты мемлекетке айналды.

Грузия Президенті Михаил Саакашвили

Біздің Сізден үйренеріміз көп. Біз Қазақстанның табыстары жөнінде әрқашан да бүкіл әлемге айтып жүрміз, өйткені көп жылдар бойы әлемнің көптеген бөлігі бұл жайында көп біле бермейтін, бірақ қазір жағдай өзгеріп келеді. Қазақстан өзінің алғашқы реформаларымен мұнай экономикасын құра бастады. Бай табиғи қорлары болғанымен, елеулі мұнай экономикасын түзіп жатқан мұндай елдер көп емес. Қазақстан бұл тәжірибені өте тамаша іске асыруда.

Соңғы жаңалықтар