Шетелдік мемлекеттер басшылары және көрнекті қоғам қайраткерлері - Елбасы туралы

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басының қасиеттеріне шетелдік мемлекеттердің басшылары, жер шарының барлық түпкіріндегі жоғарғы мемлекет қайраткерлері әрқашан да зор ықылас қойып жүр. ҚазАқпарат оқырмандар назарына шетелдік мемлекет қайраткерлерінің  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы әр кезеңде айтқан пікірлерін ұсынады.
None
None

АҚШ Конгресінің мүшесі Крис Кэнсон

Президент Нұрсұлтан Назарбаев сияқты күшті көшбасшысының басшылығымен Қазақстан халқы экономиканы одан әрі дамытуды қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда елді нығайта түсетін мәселелерді шешеді. Қазақстан - лайықты стратегиялық әріптес.

Лондондық Сити лорд-мэрі Джон Статтард

Біз Қазақстан Президентінің болашақ жоспарларынан және сіздің елдің тәуелсіздік алған сәттен бергі қол жеткен табыстарынан зор әсер алдық. Қазақстанның болашағы - ғажап. Қазақстандық жас ұрпақтың әбден жолы болды ғой деп санаймын, өйткені олар осы барлық жасампаздық істер нәтижелерінің куәсі болады.

Корея Республикасының Президенті Ро Му Хён

Қазақстан Республикасы Сіздің басшылығыңызбен Орталық Азиядағы көш бастаушы мемлекетке айналып, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа зор үлес қосып отырғанын жоғары бағалаймын.

АҚШ Конгресінің мүшесі Дэррелл Айсса

Құрама Штаттар Конгресінің атынан Қазақстан Республикасының одан әрі демократияландыру бағдарламасына қатысты таңданысымды білдіргім келеді. Сіздің ұсыныстарыңызды іске асыру Сіздің елде демократия тамырларын нығайтып, бекіте түсетініне сенімдімін. Қабылданған шараларды жүзеге асыру бүкіл қазақстандық қоғамға игілік әкелетін жолмен демократияны дамытуға мүмкіндік беретініне сенемін.  Қазақстан соңғы бірнеше жыл бойы экономикалық жағынан да, саяси жағынан да таңғаларлық өсуге қол жеткізді.  Осы уақыттың ішінде біздің екі ұлы ел арасындағы қатынастар да өрістеп, гүлдене түсуде. Сіздің қолға алып жатқан шараларыңыз бұл қатынастарды одан да нығайтып, тереңдете түседі деп сенемін. 

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер

Орнықтылық салауатты экономикалық ортада және проблемаларды түсіне білген жерден, сондай-ақ салауатты институттар құрудан басталады. Қазақстан Президенті бұл мәселелерге зор көңіл бөліп отырғанын жақсы білемін. Сондықтан да орнықты даму мен экономиканы теңдестіре қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесі көптеген елдерге үлгі бола алады. Бұдан басқа соңғы жылдары Қазақстан әлемдік қоғамдастықты диалогқа шақырып, көптеген әлемдік проблемаларды бірлесе шешуге ұмтылып, көзге түсіп жүр. Бұл фактіні біз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасудың ойдағыдай ұмтылысы ретінде бағалаймыз. Бұл бастамалар Сіздің елге сенім ұялатады.

Таяу Шығыс және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі ұйымның хатшысы, «Нова» университетінің профессоры Сэм Барони

Президент Назарбаев Қазақстан халқы үшін қауіпсіз болашақты қамтамасыз етуге зор үлес қосумен қатар, жер үстінде барынша қауіпсіз және гүлденген бейбітшілік орнату жағына қарай аршынды қадам жасады. Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ядролық қарусыз-ақ бейбітшілікте өмір сүріп, гүлденуге болатынын бүкіл айдай әлемге дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар