Шетелдік шоттарда жатқан қаражаттар Қазақстанға қайта бастады - Б.Сұлтанов

Айта кетейік, Қазақстанда заңдастыру науқаны 2014 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Ол бойынша, бұрын заңсыз болып келген қаражаттың иелеріне қатысты ешбір тергеу жүргізілмейді. Тіпті есімдері де құпия қалады. Ол үшін тек заңсыз қаражатты елге әкеліп, заңдастырса болғаны.
«3 желтоқсаннан бастап, арнайы заң қабылданды. Сол уақыттан бері банктерде 7 шот ашылды және 3,5 млрд. теңгеге тарта қаражат заңдастырылды. Ол әрине, соншалықты үлкен серпіліс емес. Дегенмен, бұл жаңа жыл мерекесі алдындағы белсенділіктің төмендеуі де әсер етіп отыр», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл науқан жайында адамдар әлі құлақтанбаған, сондықтан, Үкімет заңдастыру туралы ақпараттарды кеңінен таратуды қолға алмақ.
«Қазіргі уақытта бізге тек дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Осы үдеріске адамдардың сенімін арттыру керек. Біз оған кешенді кірісетін боламыз. Жергілікті атқарушы органдармен, Ұлттық банктермен бірлесіп қолға аламыз. Түсіндіру жұмыстарына белсенді араластыру үшін, екінші деңгейлі банктермен де сөйлесіп жатырмыз. Ең басты мақсат - дұрыс әрі белсенді түсіндіру жүргізу», - деді Б.Сұлтанов.