Шетелдік және отандық сарапшылар халықаралық стандарттарға қатысты мәселелерді талқылайды - Астана

АСТАНА. Қазанның  31-і. ҚазАқпарат -   Астанада    шетелдік  және   отандық сарапшылар   халықаралық    стандарттарға қатысты  мәселелерді  талқыламақ.  Қарашаның 2-сінде   басталатын  «ИСО 26000 стандарты.  Әлеуметтік  жауапкершілік»  деген тақырыптағы  екікүндік семинарда  осы  мәселе  сөз болады,
None
None

деп   хабарлады  «Қазақстанның Стандарттау  және  сертификаттау  институты»  республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен.

Институттың баспасөз қызметінің  еске салуынша,   қыркүйек  айында   ИСО Бас  Ассамблеясының XXXII сессиясында Қазақстан  ИСО Кеңесінің  толық мүшесі   атанды,  ал    ҚР  Индустрия және  сауда министрлігінің Техникалық    реттеу  және метрология   жөніндегі комитетінің  төрағасы    Ғабит  Мұхамбетов  ИСО-ның  Орталық  Азия елдеріндегі  аймақтық  байланыс  офицері  болып сайланды.  Сондықтан да семинар    Астанада  өткелі  отыр.

«Әлеуметтік жауапкершіліктің  түрлі   көріністері бар,  сондықтан да   халықаралық  деңгейде   танылған  стандарт  әлеуметтік  жауапкершілік  тәжірибесінің   жалпы перспективасы мен     қолданыстағы     жалпы қағидаларын түсінуге  көмектесетін  болады.  Әлеуметтік  жауапкершіліктің  мақсаты    қоғамның  орнықты,  салауатты    дамуына    қолдау көрсету  болып  табылады»,  дейді   семинарды ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар