Шетелдіктер елімізде қандай маусымдық жұмыстарға тартылады
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі ҚР Заңының 11-бабы 14-6 тармақшасына сәйкес бұйырамын: Қоса беріліп отырған маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі бекітілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр бұйырығында.
Құжатта көрсетілгендей, маусымдық еңбек үшін шетелдік жұмыс күші тартылатын кәсіптердің тізбесіне мына салалар енді:
- Бағбандар және бақшашылар;
- Егіншілер және көкөнісшілер;
- Темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар;
- Өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар;
- Мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар;
- Аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар.
Бұйырық жобасы 17 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.