Шетелдікті ұрлау күдігіне іліккен қазақстандық Әзербайжанда ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетел азаматын ұрлау күдігіне іліккен қазақстандық Әзербайжанда ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әзербайжанның Газах қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған өткен жылдың қарашасында Астанада Түркия азаматын ұрлауға қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған болатын», - деді Алмас Садубаев.