Шетелдік ғалымдар көруді жартылай қалпына келтіретін көз имплантын ойлап тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Ғалымдар соқыр адамның көру қабілетін жартылай қалпына келтіруге көмектесетін көз имплантын ойлап тапты, деп хабарлайды Belta.

Шетелдік ғалымдар көруді жартылай қалпына келтіретін көз имплантын ойлап тапты
Фото: Freepik

Жаңа технология арнайы көзілдірікке орнатылған камерадан тұрады. Ол суретке түсіріп, оны сымсыз имплантқа кескіндейді. Содан кейін имплант суретті электрлік сигналдар арқылы миға жеткізеді.

Клиникалық зерттеулерде жасқа байланысты макулярлы дегенерациясы (көздің артқы сегментінің созылмалы үдемелі ауруы) бар науқастардың 80%-дан астамы көру қабілетінің айтарлықтай жақсарғанын, тіпті оқи алатынын көрсетті.

— Көру қабілетін қалпына келтіру әрекеті алғашқы қадамнан-ақ көп пациентті жақсы нәтижеге жеткізді, — деді зерттеушілердің бірі.

Бұл жаңашылдықты американдық Science Corporation компаниясы қаржыландырды. Тың технология АҚШ пен Еуропада қолданылады.

Еске сала кетейік, астаналық оқушы зағип жандарға арналған ақылды көзілдірік ойлап тапты.

Соңғы жаңалықтар