Шетелдік миссионерлер Қазақстанда қандай діни ілімді уағыздап жүр
АСТАНА. KAZINFORM — Интернетте діни экстремизм белгілері бар 63 мыңға жуық материал анықталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінен мәлім етті.
— Бүгінде республика аумағында миссионерлік қызметті ресми түрде 451 адам жүзеге асырады, оның ішінде 408-і — шетелдік азамат, 43-і — Қазақстан азаматтары. Бұл миссионерлердің барлығы ресми тіркелген діни бірлестіктердің мүшелері, — деп атап өтті комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай.
Олардың арасында діни православие, методистік католицизм, шіркеу, Евангелиялық бірлестіктердің христиан-баптистер, елуіншілер, пресвитериандық шіркеу, Кришна санасы қоғамы сынды бірлестіктің өкілдері бар.
— Миссионерлердің қызметі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңымен реттеледі. Сонымен қатар, миссионерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабымен әкімшілік жауаптылық көзделген. Жалпы, миссионерлік қызмет құзыретті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында, — деді ведомстводан.
Комитет биыл 367 материалға дінтану сараптамасының теріс қорытындысын берген еді.
Айта кетейік, «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы аясында оралған азаматтардың басым бөлігі радикалды көзқарастарынан бас тартып, қоғамға бейімделіп жатыр.