Шетелдік валюта ақша айырбастау орындарында қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.

доллар
Фото: freepik.com

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:

- доллар: сатып алу - 540,10 теңге, сату - 542,24 теңге;
- еуро: сатып алу - 628,17 теңге, сату - 632,58 теңге;
- рубль 6,63 - 6,75 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:

- доллар 537,66 теңгеден сатып алынады, 544,66 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 623,53 теңге, сату - 633,53 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,68 теңге, сату - 6,79 теңге.

Еске салайық, өткен апта соңында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,25 теңгеге қымбаттап, 539,49 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар