Шетелдік валютаны қаншадан айырбастауға болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 487,16 теңгеден сатып алынады, 494,16 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 562,49 теңге, сату - 572,49 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,12 теңге, сату - 6,43 теңге;
- юань 72,18 теңгеден сатып алынады, 76,19 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 489,86 теңге, сату - 492,25 теңге;
- еуро: сатып алу - 566,68 теңге, сату - 572,60 теңге;
- рубль 6,16 - 6,28 теңге аралығында саудаланады.
- юань 71,95 - 74,59 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 12 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,06 теңгеге қымбаттап, 491,68 теңге болды.