Шетелдік валютаны қаншадан айырбастауға болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 498,00 теңге, сату — 500,60 теңге;
— еуро: сатып алу — 589,20 теңге, сату — 594,75 теңге;
— рубль 6,40 — 6,52 теңге аралығында саудаланады.
— юань 71,80 — 74,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 495,00 теңгеден сатып алынады, 502,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 583,00 теңге, сату — 593,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,25 теңге, сату — 6,55 теңге;
— юань 71,86 теңгеден сатып алынады, 75,89 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 26 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,27 теңгеге қымбаттап, 501,75 теңге болды.