Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.

обмен валюты, ақша айырбастау
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар: сатып алу — 539,07 теңге, сату — 540,96 теңге;
— еуро: сатып алу — 626,35 теңге, сату — 630,16 теңге;
— рубль 6,63 — 6,74 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар 536,58 теңгеден сатып алынады, 543,58 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 623,64 теңге, сату — 633,64 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,66 теңге, сату — 6,77 теңге.

Еске салайық, 20 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,21 теңгеге арзандап, 538,33 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар