Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күші санының 0,25%-ы мөлшерінде болады

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2026 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар өзгереді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жоба аясында жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар арқылы берілетін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күші санының 0,25%-ы көлемінде белгіленуі көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстанда еңбек қызметіне тартылатын шетел азаматтарының жалпы санын сақтау мақсатында жеке тұлғаларға еңбек иммигранттарын тарту квотасын жұмыс күші санының 2,9%-ы деңгейінде белгілеу ұсынылады.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылдың 5 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

Осыған дейін шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар өзгеретіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар