Шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде уақытша жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру және оны түзету тәртібіне өзгерістер енгізу ұсынылды.

Шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары өзгереді
Фото: Kazinform

Ішкі істер министрлігінің ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, құжатта шетелдіктердің Қазақстанда болуының немесе тұруының заңдылығын иммигранттардың эталондық деректер базасындағы мәліметтер негізінде тексеру тәртібі қарастырылған.

Жобаны іске асыру шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру және түзету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде олардың Қазақстанда болу заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қызмет көрсету барысында пайдаланылатын деректердің дұрыстығын арттыру көзделген.

Бұған дейін ІІМ ЖСН-ді өзгертуге қатысты ақпаратқа түсініктеме берген еді.