20:10, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Шетпе стансысындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты іс бойынша жарыссөздер аяқталды - Маңғыстау облыстық соты
АҚТАУ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, Шетпе стансысында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жарыссөзбен одан әрі жалғасты.

Маңғыстау облыстық сотынан мәлім еткендей, жарыссөзде бірінші болып мемлекеттік айыптаушылар сөйледі.
Түстен кейін сот отырысында жарыссөз аяқталып, сот кеңесу бөлмесіне кетті. Үкімді жариялау күні қосымша хабарланады.