Шевченко Чехиядағы жарыста жергілікті теннисшіден басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 103-ракеткасы Александр Шевченко Простеёв (Чехия) челленджер турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингіде 531-орында тұрған чехиялық, 18 жастағы Петрос Брунцликстің меселін қайырды.
Бірінші партияда Шевченко тай-брейкте басымдылық танытты — 7:6 (7:4). Екінші сет оңайлау тиді — 6:2.
Сағат жарымға созылған матчта А.Шевченко 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Брунцликс 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 198-ракеткасы, испаниялық Алехандро Моро Каньяспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде Бубликтің әлемнің 5-ракеткасын еліне қайтарғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Денис Евсеев Германиядағы турнирде жарыстың 2-ракеткасын жеңді.