11:57, 02 Ақпан 2017 | GMT +5
Шейн Мозли: Канело Головкинді жеңіп, ұлы боксшы атанады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш салмақ санатында әлем чемпионы болған Шейн Мозли Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинге қарсы шама-шарқына баға берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бәлкім ол (Альварес), нақтырақ айтқанда оның командасы 160 фунтта Геннадий Головкинмен айқасқа әлі дайын емес. Олардың Канело-Головкин жекпе-жегін жоғары деңгейде өткізгісі келетініне сенімдімін. Кіші Чавеспен кездесу де өте жақсы мүмкіндік - ол танымал және мықты боксшы. Менің ойымша, Канело ұлы боксшы бола алады. Бірақ дәл қазір емес, ол әлі жас. Жас болса да, болашағы өте зор. Канело GGG жеңе ала ма? Жеңуі мүмкін. Мен екеуімен де жұдырықтасып көрдім. Головкиннің соққысы қуатты, бірақ Канело өте жылдам әрі өткір. Ол шын мәнінде мықты», - деді Моззи iFL.TV берген сұхбатында.