13:32, 05 Тамыз 2015 | GMT +5
Шейн Мозли: Лемье Головкинмен жекпе-жекте әрі кеткенде 2-3 раунд қана қарсы тұра алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Шейн Мозлидің пікірінше, орта салмақтағы IBF белдеуінің иегері Давид Лемье Геннадий Головкинмен жекпе-жекте ең көбі үш раундқа ғана шыдай алады, деп жазды Sports.kz.

- Менің ойымша, GGG шаршы алаңда бар күшін салады. Ол (Головкин) бұл биікке шығудың, барлығы армандайтын «үлкен жұлдыз» болудың жақсы мүмкіндігі екенін біледі. Лемье ұзаққа шыдай алмайды деп ойлаймын. Мүмкін екі немесе үш раунд қарсылық білдіретін шығар. Головкиннің келесі кездесуі (Котто - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазына қарсы) тартымды болмақ, - деді Мозли Thaboxingvoice.com.-ге берген сұхбатында.