Шиелі ауданы әкімін сайлауда көкпаршылар дауыс берді

Шиелі ауданында өтіп жатқан әкім сайлауында жергілікті көкпаршылар командасы №299 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Сайлау
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Шиелі ауданында барлығы 50402 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 694 жас алғаш рет дауыс беруге қатысады.

Аудан көлемінде 40 учаскелік комиссияның 388 мүшесі жұмыс атқарады.

Шиелі ауданындағы №299 сайлау учаскесіне көкпаршылар да келіп, өз таңдауын жасады.
Саптама етік киіп, тобылғы қамшы ұстап ұлттық спортты насихаттап жүрген жігіттер саяси науқанда бірлік танытып, дауыс беруге келді.

«Бүгін біз үшін - айтулы күн. Сондықтан ауылдағы көкпаршылар жиналып, бірге дауыс бердік. Сайлауға әркім жауапкершілікпен қарап, ел ертеңі үшін дауыс беруі тиіс», - деді көкпаршы Жомарт Сәрсенбекұлы.

Айта кетсек, Шиелі ауданына кандидат ретінде 3 азамат тіркелген. Олардың барлығы да жоғары білімді, мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өткен.