Шиелі ауданы индустриялық-инновациялық жобалар жөнінен көш бастап келеді - Қызылорда облысы

ЫЗЫЛОРДА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Шиелі ауда­ны индустриялық-инно­вациялық жобалар жөнінен Қызылорда облысында ең алдыңғы қатарда келеді. Бұл аудан жал­пы құны 1055,5 млн. теңгені құрайтын 10 жобаны ұсынды. Әзірге солардың 4-еуіне салалық министр­ліктер тарапынан келісім бар.
None
None

Аудан ұсы­нған жобалар негізінен өндіру, құрылыс материалдарын дайын­дау секілді салаларға бейімделген. Олар іс жүзіне асса, 239 адам тұрақты жұ­мыс­пен қамтылмақ. Бұлардың арасынан «Полихим­продукт» ЖШС-нің полиэтилен құбыры, «Сыр суы» ЖШС-нің минералды су шығару өнді­ріс­терін, Тартоғай кірпіш зауытын, көкөніс қалбырлау цехын ерекше атауға болады. Сондай-ақ бағ­дарлама аясында инновация­лық даму мәселелері жөнінде тәжірибе алмасу, семинарлар мен тре­нингтер, оқыту курс­тарын өткізу де жоспарланған. Еңбек на­рығының қажеттілігіне сай ма­мандар дайындаудың да маңызы зор.

Қазіргі таңда ауданда бірқатар жобалар төңірегінде пәрменді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәсе­лен, «Алтын бала -08» ЖШС-нің ДСП шығару зауытына 450 млн. теңге инвестиция салынған. Зауыт іске қосылғанда айына 62 мың шар­шы метр ДСП шығаруға мүмкін­дік туады. «Шиелі тас - Оңтүстік» ЖШС Қосүйеңкі учас­кесінен құрылысқа қажетті тас өндіру үшін құрыл­ған. Ол бүгінде геологиялық барлау жұмыстарын аяқтады. Ал «Қазвернал» ЖШС жұмыс ауқы­мын кеңейту мақсатында жоба ұсынады. Бүгінде сағатына 250-300 тонна қиыршық тас өндіретін құрал-жабдық орна­тылды. Кен орнында жұмысшы­ларға еңбек етуге, демалуға қо­лайлы жағдай жасалған. Индус­триялық картаға жеке кәсіпкер П.Махам­беттің мал сою пункті де енгізілген. Жоба толығымен іске қосылғанда мұнда 4 адам жұмысқа тартылады. Қазіргі таңда кәсіпкердің 15 млн. теңге несие алу туралы қаржы инсти­туттарына жіберген ұсынысы қанағаттандырылды.

Ал «Полихимпродукт» ЖШС 2003 жылдан бері әлемдік стандарттарға сай пластмассалық құбыр өндірісін қарқынды дамытып келеді. Кәсіпорында 129 адам төрт ауысыммен жұмыс істейді. Тартоғай аулында орналасқан жеке кәсіпкер С.Қыдырәлиевтің керамикалық кірпіш зауытында 55 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта зауыт жылдық қуаттылығын 2 есеге арттыруды, яғни 15 млн. дана керамикалық кірпіш шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Сыр суы» ЖШС-нің табиғи таза ауызсуы тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие болды. «Реммаш» сүт зауыты, «Шиелі-Жолшы» ЖШС-нің асфальт зауыты табысты кәсіпкерлік құрылым­дарына айналды.

Соңғы жаңалықтар