Шиелі ауданына «Жол картасы» жұмыс орнын ашу үшін 36 млн. теңге қаржы бөлінді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданына биыл «Жол картасы» аясында әлеуметтік жұмыс орнын ашу үшін және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту мақсатында республикалық бюджеттен 36 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.
None
None

Осыған орай жастар практикасына 200 азаматты, әлеуметтік жаңа жұмыс орнына 100 азаматты жұмысқа тарту жоспарланса, осы күнге әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру және жастар тәжірибесінен өткізу жөніндегі ережеге сәйкес барлығы 93мекемемен келісім шарт жасалынды. Соның нәтижесінде 200 жас азамат жастар тәжірибесінен өткізілуге аттандырылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 кәсіпкер, шаруа-қожалықтары және өндірістік кооперативпен келісім-шарт жасалып, 81 азамат жаңа жұмыс орындарына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар