Шиелі ауданында осы кезге дейін негізгі қорға 4 млрд. 667. 964 мың теңгенің инвестициясы тартылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданында жылдың осы мезгіліне дейін негізгі қорға барлығы 4 млрд. 667 млн. 964 мың теңге инвестициялық қаржы тартылды. бұл көрсеткіш өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 2 еседен астамға өскендігін байқатады.
None
None

Халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында 2010 жылға республикалық бюджеттен 31 млн. теңге қаржы қаралып, несиелендіру есебімен жалпы ауданы 560 шаршы метр құрайтын 7 ипотекалық тұрғын үй құрылысы және жалпы алаңы 210 шаршы метр құрайтын 3 жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Өз кезегінде 7 айда жеке тұрғындар есебінен 91 млн. 20 мың теңгеге жалпы ауданы 6951 шаршы метрді құрайтын 63 тұрғын үй салынған.

Жиделі ауылындағы 150 орындық №206 мектеп құрылысын бастауға 2009 жылы облыстық бюджеттен 151 млн 180 мың тенге қаржы қаралды. 2010 жылғы даму бюджетіне сәйкес қазіргі уақытта бас мердігер «АстанаСервис ЛТД» ЖШС республикалық бюджеттен қаралған 171 млн 166 мың теңгеге құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Өтпелі нысан құрылысы 2010 жылы пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар