Шиелі ауданында жабылып қалған мекеме ардагерлерінің кеңесі құрылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Шиелі кентінде жабылып қалған бұрынғы мекемелерден зейнеткерлікке шыққан ардагерлер бір ұйымға біріктіріліп, кент ардагерлер кеңесін құрды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрындары есепке ілінбей жүрген 11 мекеменің 77 ардагері енді бірлесе ақылдасып, елдің ынтымағы мен Елбасы тапсырмаларының орындалуына үлес қосуға бекінді. Олар кеңес төрағалығына Әбдішүкір Батырбаевты сайлады. Ардагерлер бұдан былай кент пен ауданда өтетін барлық шараларға қатысатын болып уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар