Шиелі кентінің көшелерін жарықтандыру қолға алынды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Шиелі жарығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шиелі кентінің көшелерін жарықтандыру жұмыстарын бастап кетті.
None
None

Аталған мекеме биыл аудан орталығының 11 көшесін жарыққа жалғауды жоспарластырып отыр. Осыған орай жергілікті бюджеттен 11 млн. теңге бөлінген. Қазіргі күндері қызу басталып кеткен жұмыстар нәтижесінде кенттегі Бөгенбай батыр, Досбол датқа көшелеріне электр шамдары орнатылды. Таяу күндері Яссауи, Дәулеткерей көшелері де самаладай жарқырайтын болады.

Соңғы жаңалықтар