Шиеліде бір сиыр үш бұзау туды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі кенті тұрғынының қорасындағы бір сиыр үш бұзау туды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None
Бір атап өтерлігі, соңғы уақытта облыстың Шиелі ауданы жерінде осындай жұртты елең еткізетін ерекше құбылыстар жиі кездесіп жүр. Біз осының алдында ғана мұндағы бір тұрғынның бақшасында салмағы 2 келі тартатын баклажанның алынғаны туралы да хабар бергенбіз. Ал бұдан сәл бұрынырақта бүйірінде «Аллаһ» деген жазуы бар қияр мен қозы кездесіп, жұртты бір елеңдетіп еді. Сол сияқты осы аудан ауқымындағы Бәйгеқұм ауылында айдаһар тақiлеттес жануар табылған. Сондай-ақ Бидайкөл елді мекеніндегі ергежейлі алма ағашының жемiстен бас көтере алмай қалғаны естіген жұрттың жағасын ұстатқан. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш бірдей бұзауды өмірге әкелген жануардың жағдайы жақсы. Бұзаулары да дін-аман. Олар күннен күнге жақсарып, өсіп келеді. Аудан ветеринариялық қызметі жағдайды күнделікті бақылауға алған.
Соңғы жаңалықтар