12:20, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Шиеліде керосин таситын көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты - Қызылорда облысы
ЗЫЛОРДА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының Еңбекші елді мекенінде кеше 9 сағат 45 минут шамасында орын алған өрт ГАЗ-53 автокөлігін де қамтыды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департемінтінің баспасөз хатшысы А.Нұрманова.
Осының нәтижесінде көліктегі 22 тонналық керосин сақтауға арналған ыдыстағы 4 тонна керосин жанған. Өрт 11 сағат 30 минутта толық сөндірілген. Өрт салдарынан Газ -53 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болған. Сол маңдағы екінші кісі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылған.
Осындай қайғылы оқиға бұл күні Тереңөзек кентінде де орын алды. Мұндағы Қонаев көшесі №8 үйдегі кент мәдениет үйіне қарасты бу қазандығында жарылыс болған. Бірақ, жарылыс салдарынан өрт оқиғасы туындамаған. Жарылыс нәтижесінде негізгі тіреуіш қабырғаларының бірі және темір бетон төбе жабынының бөлігі құлап, отжағушы қаза болған.