16:07, 27 Қыркүйек 2012 | GMT +5
Шиеліде сауда-ойын сауық кешені ашылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорда облысы Шиелі ауданының орталығында «Ақ тілек» деп аталатын сауда-ойын сауық кешені қатарға қосылды.

Оның ашылуына облыс әкімі Болатбек Қуандықов қатысты. Кешен «Ақ тілек» жеке кәсіпшілігінің қаржысына салынды. Мұнда 300 орындық ресторан, сұлулық салоны, дүкен, кафе және караоке залы орналасқан. Кешен иелері кішкентай келушілерді де ұмыт қалдырмапты. Оларға арналған балалар әлемі бөлімі жұмыс жасайды. Бүлдіршіндер онда ойын автоматтарында ойнап, батутте секіре алады. Әткеншектер құрылған.